Қазақстан азаматы атанғысы келетіндерден тестілеуге өтініш қабылдау басталды

27 Қараша 2026, 10:32
АВТОР
 iStock 27 Қараша 2026, 10:32
27 Қараша 2026, 10:32
146
Фото: iStock

Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға ниетті азаматтар үшін тестілеуге өтініш қабылдау 27 қарашада басталды. Өтініштер 7 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Тестілеу 8 желтоқсанда өтеді. Үміткерлер өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы бере алады.

Тестілеу үш бөлімнен тұрады:

  • Қазақ тілі – 30 тапсырма, шекті балл – 15. Тест қазақ тілінде өткізіледі;
  • Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері – 40 тапсырма, шекті балл – 20. Қазақ немесе орыс тілін таңдауға болады;
  • Қазақстан тарихы – 30 тапсырма, шекті балл – 15. Тест қазақ немесе орыс тілінде тапсырылады.

Тестілеу бойынша ең жоғары балл – 100. Шекті балл – 50.

Тапсырмаларды орындауға 2 сағат 10 минут беріледі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қосымша 30 минут уақыт қарастырылған.

Тестілеуге қатысу құны – 14 693 теңге.

Дайындық деңгейін тексергісі келетін үміткерлер үшін ақылы байқау сынағы да қолжетімді. Оның құны – 3 355 теңге. Сынақтан app.testcenter.kz сайтындағы «Байқау сынағы» бөлімінде өтуге болады.

Тестілеу туралы толық ақпаратты Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтындағы «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінен білуге болады.

Наверх