Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондықта

19 Қараша 2022, 12:41
989
Бөлісу:
Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондықта

Халықаралық теннис федерациясы құрама командалардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде 10-орынға жайғасып, үздік ондықта қалды. Қазақстан әйелдер құрамасы Ресей, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания, Польша сынды елдердің алдында тұр.

Қазақстандық қыздар командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде өнер көрсетіп, Ұлыбританияны ұтқанымен, Испанияға жол беріп, топтан шыға алмай қалған болатын.

Рейтинг көшін бұрынғыша Аустралия бастап келеді.

Billie Jean King Cup рейтингісінің үздік ондығына мына құрамалар кіреді:

1. Аустралия - 1142;

2. Швейцария - 1041;

3. Испания - 929;

4. Чехия - 922;

5. Франция – 910;

6. Канада - 815;

7. АҚШ - 793;

8. Словакия - 779;

9. Германия - 777;

10. Қазақстан – 739.

Өзгелердің жаңалығы