Қазақстан авиациясы халықаралық сыйлыққа ие болды

20 Наурыз 2023, 15:33
872
Бөлісу:
Қазақстан авиациясы халықаралық сыйлыққа ие болды

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Air Transport News Corporate Award" сыйлығын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ИКАО Кеңесінің мүшелері, ИКАО Хатшылығы, түрлі мемлекеттердің авиациялық билік органдары, IATA, CANSO, ACI World, TIACA, iPADIS және ірі халықаралық әуе тасымалдаушылары 2023 жылы Монреальда (Канада) өткен "Жаһандық байланыс мәселелері" әуе көлігі симпозиумына, әуе көлігі марапаттарын тапсыру рәсіміне қатысты.

Шара барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Air Transport News Corporate Award" сыйлығын алды. Бұл халықаралық авиациялық қауымдастығы тарапынан Қазақстандағы азаматтық авиацияны басқарудың жаңа моделіне көшу бойынша жүргізілген жұмыстарды мойындау болғаны анық. 

Марапат Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдиновке табысталды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі үш жыл бұрын халықаралық озық тәжірибелерге негізделген тиімді авиациялық орган болу мақсатымен құрылған жас реттеуші орган. 

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның өңірлік және халықаралық деңгейлерде авиациялық қатысуын одан әрі дамытуды және кеңейтуді жалғастырады.

2023 жылғы жеңімпаздар арасында ИКАО президенті Сальваторе Шиачитано, ERA бас директоры Монсеррат Баррига, IATA басқарушылар кеңесінің төрағасы Мехмет Нане, Гайана азаматтық авиация басқармасының бас директоры Эгберт Филд,  TIACA, Wizz Air, iGA Стамбул әуежайы, SkyTeam бар.

ATN корпоративтік марапаты саланың халықаралық деңгейде танылуының ең жоғары деңгейін білдіреді және Қазақстанның авиациялық билік орындарын еліміздің азаматтық авиация саласының игілігі үшін өздерінің өршіл мақсаттарына жетуге және өз әлеуетін толық іске асыруға ынталандыратын болады.

Өзгелердің жаңалығы