Қазақстан аумағының солтүстік жартысы антициклон ықпалында болады

9 Наурыз 2022, 16:06
1845
Бөлісу:
Қазақстан аумағының солтүстік жартысы антициклон ықпалында болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағының солтүстік жартысы антициклонның ықпалында болады, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, ауа температурасы өте төмен болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары 17...28-ге аязға дейін төмендейді. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде, оңтүстік циклонның шығуымен жауын-шашын күтіледі, республиканың батыс аймақтарында көбінесе қар жауады, ол боранмен бірге жүреді, оңтүстігінде негізінен жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. 

Сондай-ақ, фронтальды аймақтың Қазақстан аумағы арқылы өтуімен 15-20 дейінгі жел, 23-28 м/с екпінге дейін күшейеді.

 

Өзгелердің жаңалығы