Қазақстан аумағынан күнбағыс майын әкетуге шектеу қойылды

Қазақстан аумағынан күнбағыс майын әкетуге шектеу қойылды
597

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті Ауыл шаруашылығы министрінің 17 маусымдағы бұйрығымен ел аумағынан күнбағыс майын әкетуге сандық шектеулер енгізілгенін мәлімдеді. Шектеу шаралары биылғы 18 маусым мен 31 тамыз аралығын қамтиды.

Күнбағыс майын Қазақстан аумағынан әкетуге сандық шектеулер бағаларды тұрақтандыру және сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа байланысты нарықта тапшылықтың туындауын болдырмау мақсатында енгізілді. Күнбағыс майын ел аумағынан әкету Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық сертификат болған кезде ғана жүзеге асырылады, - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, күнбағыс майын әкетуге енгізілген сандық шектеулер 2021 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 1 маусымға дейін қолданылған.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы