Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

Отандастарымыз төрешілер шешімімен 208,6150 ұпай жинады.

 Ұлттық олимпиада комитеті Кеше 2026, 22:24
Кеше 2026, 22:24
180
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстан құрамасы Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Халықаралық турнирдің алғашқы жарыс күнінде қазақстандық спортшылар қола медаль жеңіп алды.

Аралас жұптар арасындағы техникалық бағдарламада Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов үздік үштікке енді. Отандастарымыз төрешілер шешімімен 208,6150 ұпай жинады.

Бұл сында Ұлыбритания спортшылары Изабель Торп пен Ранджуо Томблин 225,9034 ұпаймен алтын медаль иеленсе, Испания өкілдері Карла Лоренсо Льюска мен Энеко Санчес Агилар 210,8792 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық жұп – Артур Майданов пен Айғаным Саим жүлдеге бір қадам жетпей, 207,0650 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.

Наверх