Қазақстан алғаш рет парабиатлоннан әлем кубогында алтын жеңіп алды

17 Желтоқсан 2022, 14:30
1047
Бөлісу:
Қазақстан алғаш рет парабиатлоннан әлем кубогында алтын жеңіп алды
PHOTO

Финляндияда өткен парабиатлоннан әлем кубогы кезеңінде Ербол Хамитов 10 км қашықтықты 32:37.0 секундта жүріп өтіп, алтын медаль еншіледі,  деп хабарлайды BAQ.KZ  turkystan.kz сілтеме жасап.

Қазақстан алғаш рет парабиатлоннан әлем кубогында алтын жеңіп алды

Екінші орын украиналық қарсыласы Тарас Радқа (33:41,6), ал үшінші орын тағы бір украин спортшысы Александр Алексикке (33:50,7) бұйырды.

Әлем кубогының кезеңіндегі бұл жеңіс – Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль.

Еске сала кетсек, парашаңғы мен парабиатлоннан әлем кубогының кезеңі Финляндияның Вуакатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтіп жатыр.

Жарыста Ербол Хамитов парашаңғыдан 5 км қашықтықта күміс жүлде, 10 км қашықтықта қола жүлдені еншілесе, Александр Герлиц парабиатлоннан 12.5 км қашықтықта қола медальге ие болған.

Өзгелердің жаңалығы