Қазақша ән жазу пайда әкеле ме? Болашақ түлектерінің жауабы

17 Қараша 2023, 19:07
506
Бөлісу:
Қазақша ән жазу пайда әкеле ме? Болашақ түлектерінің жауабы
Фото: @ninetyone

VK серіктес сервисіндегі музыкалық жобалардың жетекшісі Олжас Баймағамбетов қазақша әннің болашағы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақша әндерді ақылы тыңдап үйренуіміз керек. Бұл мәдениетті әркім өзінен бастауға тиіс. Мәселен, бізде орыс тілінде ән жазсаң, ол жақтағы 200 млн жуық аудитория бар, ал қазақша ән тыңдайтың аудитория саны одан бірнеше есе аз. Сондықтан, әрине бұлай айту қиын, дегенмен ақша табуды ойламасаң қазақша ән жазу керек, ал пайда үшін әрине… Қазақша музыканы дамытудың тағы бір жолы бар, бұл Ресейге еліктемей, өз әндерімізді жазу және Еуропадан үлгі алу. Бірақ бұл ұзақ жол, – деді Баймағамбетов.

Журналист әрі медиаменеджер Гүлмира Дайрабаева ойы келесідей:

Мен АҚШ-қа 20-15 жыл бұрын аттанған асыранды балаларды кездестірдім. Олар әртүрлі жаста болды, бірі 30-да бірі 9 жаста еді. Байқағаным олар қазақ тілін білмейді, бірақ тек қазақша өлең тыңдайды. Менен әр сөздің аудармасын сұрайды, мен әр сөзді аударып, айтып отырдым. Сондықтан қазақша шоу-бизнесті дамытайық, – деді Гүлмира Дайрабаева Bolashak and creative industry іс-шарасында.

Өзгелердің жаңалығы