«Қазақмыста» екі кенші қаза болды

27 Қараша 2023, 12:44
4093
Бөлісу:
«Қазақмыста» екі кенші қаза болды
Фото: «Қазақмыс» компаниясы

«Қазақмыс» компаниясы 2023 жылғы 27 қарашада Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде болған жазатайым оқиға туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, «Қазақмысқа» тиесілі кеніштерде соңғы кезде жазатайым оқиғалар көбейді. 6 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында жұмысшы қаза тапты.  «Жыланды» кенішінде де  6 қызметкер жарақат алғаны хабарланған еді.

Өзгелердің жаңалығы