Рейтинг. Жәнібек 23-орынға көтерілді

11 Қазан 2020, 20:51
2247
Бөлісу:
Рейтинг. Жәнібек 23-орынға көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы соңғы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте жеті саты жоғары көтерілді.

Әлімханұлы кеше Лас-Вегаста өткен бокс кешінде аргентиналық Гонсало Кориюмен (16-3, 6 КО) кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша отандасымыз WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды. 

Бұл жеңістен кейін қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде 23-орынға көтерілді. 

Айта кетейік, бұл Әлімханұлының биыл өткізген бірінші кездесуі болатын. Ол соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың қараша айында Фресно қаласында (Калифорния штаты, АҚШ) өткізіп, канадалық Альбер Онолунседен (24-3-1, 8 КО) үстем түскен болатын. 

Өзгелердің жаңалығы