Қазақ тіліндегі контентке деген қызығушылық артты

14 Наурыз 2023, 09:10
964
Бөлісу:
Қазақ тіліндегі контентке деген қызығушылық артты

«Еуразия» бірінші арнасы ақпан айының телеарналар рейтингін сенімді түрде бастап келеді. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлттық медиа қауымдастығының басшысы Кемелбек Ойшыбаев жазды.

КТК екінші орында. Ал НТК үшінші орынға қайта оралды, өткен жылдың ортасынан бері «Қазақстан» телеарнасын алдына шығарып төртінші орында келетін. 

Бұл Ұлттық медиа қауымдастығының дәстүрлі түрде ай сайын жариялайтын телеарналардың және теле-өнімдердің рейтингтерінің қорытындысы. Ескерте кету қерек, бұл рейтинг ірі қалаларда өлшенеді, 6 және одан жоғары жастағы адамдардың медиа қалауын зерттейді.

Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларының рейтингін ұлттық арнаның «Апта» сараптамалық бағдарламасы бастап келеді. Бұл бағдарлама қаңтар айында көшбасшы болған КТК-ның әйгілі «Портрет недели» бағдарламасын екінші орынға жылжытты. Екінші ай қатарынан топтардың арасында келе жатқан 31 арнаның «Сөздің шыны керек» бағдарламасы үшінші орынды иеленді. Үздік бестікке «Астана» телеарнасының «Sarap times» және «Хабар» агенттігінің «7 күн» бағдарламаларыда да кірді, екеуіде қазақ тілінде, - деп жазды Кемелбек Ойшыбаев.

Қазақ тіліндегі контентке деген қызығушылық артты

Үздік танымдық бағдарламалардың арасында көшбасшылықты «Қазақстан» телеарнасының «1001 түн» және «Ауылдастар» жобалары сақтап қалды. 

Сондай-ақ рейтингте үшінші орын алған КТК телеарнасының қызықты жаңа «Айран» жобасын атап өткім келеді. Жалпы «Қазақстан» арнасының бағдарламалары бұл рейтингтің алғашқы ондығының ішінде бес орынды алып отыр, бұл мемлекеттік телеарнаның тәрбиелік бағытқа аса мән беретінін көрсетеді.

Отандық сериалдарының ішінде «Қазақстан» телеарнасының «Сезім толқыны» және «Жат бауыр» сериалдары көш бастап келеді. Рейтингтің үшінші орнын «Сержан братан» сериалымен Жетінші арна иеленді, бұл сериалды Salem Social Media шығарған болатын.

Көркем фильмдер арасында рейтингтің алғашқы үштігін «Қазақстан» телеарнасында көрсетілетін Қазақстандық фильмдері иеленді: «Где мое кольцо? Или операция гүлдер», «Анаға апарар жол» және «Әли».

Жалпы, рейтингтік бағдарламалар мен фильмдерді талдау қазақ тіліндегі контентке деген үлкен қызығушылықты көрсетеді. Үздік теле-өнімдерінің арасында 75 проценттен астамы қазақтілді жобалар, - деп жазды ол.

Қазақ тіліндегі контентке деген қызығушылық артты
Өзгелердің жаңалығы