Қазақ тілінде 4 бестселлер кітап жарыққа шықты

23 Қыркүйек 2022, 14:29
2712
Бөлісу:
Қазақ тілінде 4 бестселлер кітап жарыққа шықты
PHOTO

Бұл туралы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы Исламбек Салжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

 Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының (ҚБТҚ) төралқа төрағасы ретінде криптоиндустрия және блокчейн технологиялары туралы 4 бестселлер туындыны қазақ тіліне аударып, баспадан шығарғанымыз туралы қуанышты жаңалықпен бөліссем деймін. ҚБТҚ алдына қойған басты мақсаттардың бірі – блокчейн технологиялар саласына қатысты білім тарату, бұл бағыттағы тың зерттеулер жайлы жан-жақты ақпарат жеткізу, - деп атап өтті қауымдастық басшысы. 

Айтуынша, оқытушылар мен студенттер тарапынан бұл кітаптарға қызығушылықты байқаған соң төрт кітаптың тұсаукесерін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткізген. 

Қазақ тілінде 4 бестселлер кітап жарыққа шықты

Болашақта оларды еліміздің басқа да оқу орындарына жеткізуді жоспарлап отырмыз. «Криптовалюта дәуірі», «Блокчейн технологиясы», «Шындық машинасы», «Ақшаның қысқаша тарихы» деп аты айтып тұрғандай, әр кітап ізденімпаз қауымның көңілінен шығатын еңбек деп ойлаймын. Қазір жастардың криптовалюталар мен блокчейн технологиясын білуге деген ынтасы артып келеді. Елде криптовалюта иелерінің, сондай-ақ блокчейн әзірлеушілерінің қатары көбейді. Дегенмен, бұл салада әлі де сапалы ақпарат пен мемлекеттік тілде жазылған еңбектер жетіспейді. Біз қазақша шығарған кітаптар осы саланың атақты сарапшыларының бестселлері ретінде әлемге танылған. Бұл еңбектер менің үнемі қайталап оқитын, жиі парақтайтын кітаптарыма айналды, - дейді ол. 

Сонымен қатар бұл кітаптардың пайдасы мол деп есептейді. 

Төрт кітап келешегі зор технологияның принциптерін түсінгісі келетін замандастарыма, ақша тарихын зерттейтін, болашақта кибер-экономиканың ерекшелегін және әлем мен қоғам қандай бағытта дамитынын білгісі келетін білімқұмар азаматтарға да құнды болады деп үміттенемін. 

Біздің еліміз криптоиндустрияның тұрақты даму бағытын ұстануда және жаһандық трендтерге ілесу үшін қазір бұл саланы зерттеудің мүмкіндігі жоғары. Біз аударған кітаптар талапты жастарға қажетті білім мен зор құлшыныс сыйлайды деп сенемін, - дейді Исламбек Салжанов. 

Өзгелердің жаңалығы