Қазақ тілімен бірге өстім – өзге ұлт өкілі

10 Қаңтар 2024, 15:15
2385
Бөлісу:
Қазақ тілімен бірге өстім – өзге ұлт өкілі
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Вячеслав Шамрай Қызылорда облысының тумасы. Өзі режиссер болып қызмет істейді. Өзге ұлт өкілі болса да қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтап жүргенін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

 Бүгінгі таңда облыстағы «Adilet event group» компаниясында концерттер мен іс-шаралар ұйымдастырушы болып қызмет етеді. Ұлты орыс болса да, қазақи ортада жүрген ол қазақтың дәстүрлері өмірінің бір бөлігіне айналғанын айтады.

Маған Қызылордада туылу бақыты бұйырды. Аталарым осы қаладан майданға аттанған. Ал үлкен әжем 1897 жылы Қоқан қаласында дүниеге келген. Ол бүкіл саналы өмірін Қызылорда облысында өткізді. Осы өңірде дүниеге келіп, өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын. Қазақ халқы сондай қонақжай, аржарқындығымен ыстық. Қандай ортаға барсам да, бөліп-жармай, жылы қабылдайды. Ал қазақ дәстүрлері біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. Отбасым оларды жақсы қабылдайды және құрметтейді, - дейді ол.

Қазақ тілімен бірге өстім – өзге ұлт өкілі

Сондай-ақ, қазақ тіліне деген құрметінің ерекше екенін айтады.

Біздің аймақ үшін өзге ұлт өкілдерінің қазақша білуі таңқаларлық нәрсе емес. Мұнда ұлтқа қарамастан барлығы мемлекеттік тілді жақсы меңгерген. Өзім де қазақ тілін бала кезімнен білемін. Мен онымен бірге өстім, - дейді Вячеслав Геннадьевич.

Қазақ тілімен бірге өстім – өзге ұлт өкілі

Әрине өзге ұлт өкілдерінің осындай жылы пікірлерін тыңдап, жүрек жылиды. Өңірде өзіндік орнын қалыптастырған кейіпкеріміздің де қазақ халқына деген сүйіспеншілігін әңгіме барысында айқын аңғардық.

Өзгелердің жаңалығы