"Желмая" жобасында елдегі туризм және спорт мәселесі жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сенатта дене шынықтыру және спортты дамыту туралы заң мақұлданды. Осы орайда бұрын облыстық спорт басқармасының басшысын облыс әкімдігі тағайындайтын. Қазір Спорт министрлігімен келісіп барып тағайындайтын норма енгізілді ме?
Қазақстанда 521 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі бар. Олардың басшыларына қандай талаптар қойылады?
Мемлекеттен қаржыландырылатын 184 спорт түрін қысқарту мәселесі көтерілген еді. Бұл отандық спорттың дамуына қалай әсер етеді?
Жаңа заңға енген тағы бір жаңа норма - экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Осы туралы толығырақ айтып берсеңіз. Қазақстандағы спортта діни ағымдар бар ма?
Сондай-ақ 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына дайындық басталды ма?
Айта кетейік, "Желмая" жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады.
Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.