Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңісі

15 Тамыз 2022, 18:08
1362
Бөлісу:
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңісі
PHOTO

Өткен аптада Қазақстан спортшылары ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіби спорт әлеміндегі басты оқиға Түркиядағы Ислам ойындары болды. Қазақстан намысын 125 спортшы қорғап жатыр.

Қазіргі уақытта біздің құраманың велоспорт бойынша 5 алтын медалі бар. Атап айтқанда Артем Захаров (омниум), Рината Сұлтанова (омниум, ұпай бойынша жарыс 10 км, жеке жарыс 3 км), Әлішер Жұмақан (жеке жарыс 4 км). Дмитрий Носковтың күміс медаль (жеке жарыс 4 км). Велоспортта Әлішер Жұмақан (ұпай бойынша жарыс, 15 км) және Марина Кузьмина (жеке жарыс 3 км) қола жүлдегерлер атанды.

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңісі

Үстел теннисі: Денис Акоржев қола жүлде жеңіп алды. 

Таеквондо: қола жүлдегерлер – Жансель Дениз, Бауыржан Хасенов, Жасурбек Клычев.

Спорттық гимнастика (командалық көпсайыс): Милад Карими, Дмитрий Патанин, Нариман Курбанов – қола медаль иегерлері.  Сондай-ақ, біздің спортшылар жеке сынақтарда үш күміс медаль жеңіп алды.

Еркін күрестен Рахат Қалжан, Алдан Асқаров (65 кг) және Мамед Ибрагимов Мамед (97) үшінші орын алды. Қола жүлдені грек-рим күресінен Аманғали Бекболатов иеленді.

Михаил Литвиннің нәтижесін бөлек атап өткіміз келеді. Спортшымыз 400 метрге жүгіруден финалдық жарыста жеңіске жетті. Бұл ретте алдын ала раундта ол Қазақстан рекордын орнатты, ол енді 44,94 сек.

Жүзуден Қазақстан командасының өкілдері Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин және София Абубакирова ойындардың жеңімпаздары атанды.

Сондай-ақ, әйелдер күресінен Елена Шалыгина алтын медаль алды.

Ауыр атлетика: Зульфия Чиншанло мен Арли Чонтей бірінші болды, Алексей Чуркин, Арай Нұрлыбекова мен Айша Омарова тұғырдың екінші сатысына көтерілді, ал Өтепберген Әлиев пен Асылжан Бектай қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық гимнасттар: Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мырзағалиева, Рената Жолдинова, Аружан Қасенова, Айдана Шаяхметова және Әсел Шүкірбай үшінші орынды місе тұтты. Ал, гимнаст Елжан Таниева доп жаттығуларында бірінші болды.

Алдағы жарыстарға аңдатпа.

16-24 тамыз аралығында Чханвон қаласында (Оңтүстік Корея) жұптық оқ атудан WSP Әлем Кубогы өтеді. Қазақстан құрама командасынан 3 спортшы қатысады (А.Жылқышинов, Б. Махаева, А. Пасхалиди).

18-26 тамыз аралығында Хошемин қаласында (Вьетнам) таеквондодан Азияның ашық чемпионаты өтеді. Қазақстан құрама командасынан 5 спортшы қатысады (Н.Айдарбеков, Н.Домбаев, Қ.Досмалова, Н. Өмірәлі, М. Мұқашев).

Өзгелердің жаңалығы