Қазақ қыздарының жетістігі. Бронежилеттен вакцинаға дейін

8 Наурыз 2023, 18:00
4656
Бөлісу:
Қазақ қыздарының жетістігі. Бронежилеттен вакцинаға дейін
PHOTO VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Қазақ әйелі - өнерімен, талантымен және іскерлігімен әлемді мойындатқан. Олар отбасы тірлігінен бөлек, түрлі салаларда елеулі істер атқарып жүр. Адамзат пайдасына еңбек етіп, қазақты әлемге танытқандар туралы мәлімет жинадық, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Шахмат ханшайымдары

Бибісара Асаубаева  2004 жылы 26 ақпанда Таразда дүниеге келген. Төрт жасынан бастап шахмат ережелерін өз бетінше меңгере бастады. Ассаубаева мектеп қабырғасында жүргенде Тараз қалалық Жастар сарайында секцияға қатысты. 

2011 жылы Ассаубаева 7 жасқа дейінгі және 8 жасқа дейінгі балалалар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті (турнирлер Польша мен Бразилияда өтті). Соның арқасында ол шахмат тарихындағы ФИДЕ шебері атағының ең жас иегері атанды. 2013 жылы Бибісара бұл жолы 9 жастан асқан шахматшылар арасында әлем чемпионатында тағы бір мәрте жеңіске жетті. 

Фото:worldrapidandblitz2022.fide.com
worldrapidandblitz2022.fide.com 

Жүлделері: 

2019 жылы Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатына қатысты (Астана, Қазақстан).

Қазақстан әйелдер құрамасы жарыс қорытындысы бойынша бесінші орынға ие болды, ал Асаубаева командаластар арасында үздік нәтиже көрсетті. 

2021 жылдың қараша айында Ригада "ФИДЕ Үлкен әйелдер Швейцариясы" турнирінде 10-шы орынды иеленді. 

2021 жылдың желтоқсан айында Польшада Қазақстан тарихында алғаш рет блиц бойынша әлем чемпионы атанды, турнир аяқталғанға дейін бір турда — шахмат тарихындағы ең жас және рапид бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 

Биыл Қытайда өткен The Belt and Road 2023 to World Chess woman's Summit турнирінде екінші орын иеленді. 

Мәскеуде өткен «Шахмат жұлдыздары» атты халықаралық турнирде блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңген болатын. Ресейлік — әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі.

 

Динара Сәдуақасова - 1996 жылы  Астана қаласында дүниеге келді. Ол шахматшы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер.

Динара Сәдуақасова шахматта ойнауды бес жасында үйренген. Шындап он жасында қатыса бастаған. Шахматтан басқа музыка, теннис, жүзумен айналысады. Тілдерді үйренеді. Орта мектепті үздік бітірген. 11 жасында музыка мектебінің фортепиано класын үздік дипломмен бітірді.

Қазақ қыздарының жетістігі. Бронежилеттен вакцинаға дейін
                   Динараның жеке мұрағатынан

2013 жылғы «SportReview» журналына сәйкес үздік спортшы атанды.

2016 жылдан қазақстандық оқушылар Динара Сәдуақасованың «Шахматтың алғашқы қадамдары» кітабымен шахмат үйренеді.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2016 жылғы желтоқсанда Динара Сәдуақасова ерекшеленген бір топ мәдениет пен өнер өкілдерімен бірге «Құрмет» орденімен марапатталды.

Былтыр Алматыда өткен турнирде Динара Сәдуақасова әйелдер арасында жылдам шахматтан (рапид) 2022 жылғы вице-чемпионы атағын иеленді. 

Ұлттық спорттың жанашыры

Қаскелеңнің қызы Ева Жигалина ұлттық ойындарға үйрететін спорт мектебін ашуды армандайды. Ол  “көкпар бие мен әйелдердің ойыны емес” деген қалыптасқан стереотипті бұзып қана қоймай, талай қарсыласын шаң қаптырып жүрген көкпаршы. 

Ева Жигалина – 6 жасынан атқа мініп өскен әккі шабандоздың бірі. Еваның ұлты – казак. Ата-бабасы кәдімгі Дон казактарынан тарайды. 

Қазақ қыздарының жетістігі. Бронежилеттен вакцинаға дейін
turkystan.kz

Оның көкпармен айналысқанына 15 жылдан асты. Еркектермен тең дәрежеде ойнайды. Кейде салмағы шамамен 60 келі болатын серкені көтереді. Ол жынысына байланысты жеңілдік берілгенін қаламайды. Ер көкпаршылар да оны мойындағысы келмейді.

Алғашқы көкпарға 15 жасымда қатыстым. Шақырусыз бардым, өзім де таң қалдым. Атқа мініп келе жатқанмын, көкпаршылардың ойнап жүргенін көрдім. Оларға қарай барып, серкені іліп әкеттім. Сосын олар жоқ болып кетті, - деп күледі Ева. - Мені қуды. Бірақ менің атым мықты, тауға үйренген, аяғы күшті. Оны бос жібергенімде, зулап шапты. Сергені қайда жасырамын деген ой келді. Әкеме істегенімді айта алмаймын - ол маған ұрысады. Содан кейін ұтысты достарыма бердім. Ойнағым келді. Жаппай көкпарға қатыса бастадым, ол жерде қатысушылар командаға бөлінбей, әркім өзі үшін ойнайды. Бірақ ата-анам мұны құптамады. Қауіпті деді, - деді Ева Жигалина. 

Әлемді бейбітшілікке бастаушы 

Cоғыс басталғаннан кейін Мадина Берлиндегі жұмысын тастап, Bulletproof Ukraine — Украинада еріктілерге, фельдшерлерге және журналистерге арналған оқ өткізбейтін жилет өндірісін жасауды қолға алған.

Мадина Каттер - 27 жаста. Ол Қазақстанда өмірге келген. Алматыдағы KIMEP-те білім алып, кейін Австрияға және Германияға жұмыс бабымен көшкен. Ол жақта венчурлық сәулетші болып жұмыс істеді.

Қазақ қыздарының жетістігі. Бронежилеттен вакцинаға дейін
 the-village-kz.com
 

Каттердің айтуынша, соғысқа дейін мен Берлинде жайлы өмір сүрген. Украинадағы соғыста алдымен ерікті болып қызмет етті.. 

Мен баспанасыз қалғандарға көмектесіп жүрдім. Күні бойы экранда  түрлі жұмыс жасаған соң, кешке көзім ауыратын. Сосын басқа саланы тапқым келді. Содан кейін мен оқ өткізбейтін жилет шығаруды шештім. Біріншіден, бұл сала, мысалы, гуманитарлық көмек жинаудан гөрі күрделі және ерекше,  онымен айналысқан адамдар жеткіліксіз болды. Ал сұраныс үлкен болды. Қажетті қорғаныс түрі бар көкірекшелердің бағасы жоғары болды, олар бірден сатылып кетті және оларды Украинаға жеткізу өте қиын болды. Осы нюанстардың барлығына байланысты мен Украинада өндіруді шештім, - деді Мадина Каттер.

Белгілі дзюдошы қыз тіл үшін де күресіп жүр

Әбиба Әбужақынова 1997 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысындағы Шыршық қаласында дүниеге келген. Бала күнінде көркем гимнастикамен шұғылдана бастаған. Алайда, оның қалауы бір жылдан соң дзюдоға ауған. 2014 жылы отбасы Шымкент қаласына көшіп келді. 

Қазақ қыздарының жетістігі. Бронежилеттен вакцинаға дейін
judoinside.com

Жыл басында спортшы Әбиба Әбужақынова журналистердің орысша сұрағына не себепті қазақша жауап беретінін айтып көзге түскен еді. 

Ол бір сұхбатында  орыс тілінде сұхбат бергісі келмейтінін айтты.

Көп спортшы жарыстан кейін тілшілерге орысша сұхбат береді. Екі қазақ бірімен-бірі орысша сөйлеседі. Мен де орысша білемін, еркін түсінемін. Бірақ орысша сөйлегім келмейді. Таза қазақша сөйлегім келеді. Журналистердің орысша сұрағына тек  тек қазақ тілінде жауап беремін. Мен тек қазақша сөйлеймін, орысша интервью бермеймін, – деді Әбиба Әбужақынова.

2022 жылы Моңғолияда өткен  «Grand Slam» турнирінде  Абиба Әбужақынова қола жүлде иеленді. Биыл Дзюдошы Абиба Әбужақынова Алмадада (Португалия) өткен Гран-приде алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткендей, аталған додада жеңімпаз-жүлдегер атанған қазақстандық спортшылар рейтингте жоғарылады. Атап айтқанда, Әбиба Әбужақынова 8-ден 6-ға, Ғалия Тынбаева 52-ден бірден 37-ге, ал Жансай Смағұлов 13-орынға көтерілді.

АҚШ валюта басқармасы жетекшілігіне ұсынылған Сәуле Омарова кім?

Сәуле Омарова 1966 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетін, Висконсин университетін және Солтүстік-Батыс университетін бітірген. Заңтану докторы дәрежесі бар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Ол Висконсин университетінде жүріп Макартур қорының Бейбітшілік және ынтымақтастық жөніндегі стипендиясын жеңіп алады да, Стэнфорд университетінде бір жыл тәжірибеден өтеді.

Қазақ қыздарының жетістігі. Бронежилеттен вакцинаға дейін
ТАСС

2001 жылы Чикаго қаласындағы Солтүстік-батыс университетінен заң докторы атағын иеленді. Кейін Нью-Йоркте құқық саласында жұмыс істеген. 

Сәуле Омарова 2021 жылы АҚШ Қаржы министрлігінің Банк реттеушісі басқармасының басшысы лауазымынан бас тартты. 

Сенаттағы тыңдау кезінде Сәуле Омарова өткен өмірі үшін ақталып, коммунист емес екенін дәлелдеуге мәжбүр болды. Өзі коммунист емес екенін және оның отбасы мүшелері коммунизмнен зардап шеккенін айтқан болатын.

Сәуле Омарованың АҚШ Қаржы министрлігі Банк реттеушісі басқармасының басшысы лауазымына кандидатурасын қайтарып алу туралы өтінішін қабылдадым - делінген сол кездегі Байденнің мәлімдемесінде.

Жаһан төріне қазақ өнімін ұсынған - Күнсұлу Закария

Әлемде коронавирус инфекция кең таралып, соңы пандемияға ұласқан кезде көптеген мемлекеттер қаржылай дағдарыста ұшырады. АҚШ, Қытай және Еуропа мемлекеттері жедел вакцина әзірлеуді бастап кетті. Мұндай санаулы алпауыттардың қатарына Қазақстанда кірді. QazVac коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинасын жасаушы - Күнсұлу Закария.  

Қазақ қыздарының жетістігі. Бронежилеттен вакцинаға дейін
time.kz

Ғалым 1967 жылы 2 шілдеде Қарағанды ​​облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақпай ауылында дүниеге келген.

1995 жылы биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін Алмат қаласында, 2002 жылы биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін Мәскеуде кандидаттық диссертациясын қорғады.

Әкесі Қалиев Дальтон Закарьевич (1934-2015) Қазақ тау-кен металлургия институтының түлегі, түсті және асыл металдар бойынша инженер-металлург (1952-1957), Қарсақпай металлургия зауытының бас инженері, Ақтөбе облысының өнеркәсіптің бас техникалық инспекторы болып жұмыс істеген. 

Анасы Игликова Жансұлу Абуталиповна 1937 жылы туған дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің биология-химия факультетін бітірген. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі,  50 жылдан аса педагогикалық тәжірибесі бар.

Денсаулық сақтау министрінің бұйырғымен 2022 жылғы 18 тамыздағы бұйрығымен Холдингтің бас директоры лауазымына биология ғылымдарының докторы, профессор Күнсұлу Закария тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы