Қазақ күн мен түннің теңелуін наурыз деп атаған жоқ – Серік Ерғали

15 Наурыз 2023, 09:06
2018
Бөлісу:
Қазақ күн мен түннің теңелуін наурыз деп атаған жоқ – Серік Ерғали
PHOTO
Фото: автордан

Бұл туралы мәдениеттанушы, ғалым Серік Ерғали ҚР Ұлттық музейінде Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақта күн мен түннің теңелуін наурыз деп атаған жоқ. 13-інде 90 күн қыс шықты деп есептейді. 14-наурыз – көктемнің бірінші күні, - деді ол.  

Яғни қазіргі Григориан күнтізбесіндегі 14 наурыз – Юлиан күнтізбесі бойынша 1 наурыз. Серік Ерғали Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлы Ахат Шәкәрімұлының күнделігінде де бұл дерек келтірілгенін алға тартты. 

Қазақ күн мен түннің теңелуін наурыз деп атаған жоқ – Серік Ерғали

Әкей айтты бүгін – ескіше 1 март. Қазақша жаңа жыл. Ұлы істің ұлы күні, - делінген жазбада. 

Ғалым өз сөзінде жаңа жылды көрісу ғұрпы арқылы тойлау Қазақстанның батысында сақталғанына шүкір етті. Оның сөзінше, 14 наурыз батыста сақталмағанда наурыз мерекесінің аяғын ғана мерекелеп жүретін едік. 

Қазақ күн мен түннің теңелуін наурыз деп атаған жоқ – Серік Ерғали

14 наурыз – жыл басы. Амал мерекесі дейміз. Қашан қазақта амал деген мереке болды? Ешбір этнографияда, энциклопедияда амал деген мереке жоқ. Амал деген айдың аты. Наурызға дейін, 90-жылға дейін қазақ амал айы дейтін. «Амал келді жыл келді» деген сөз амал айымен бірге жаңа жыл келді деген сөз. Ал біз ресми түрде айдың атауына наурыз айын бекітіп жібердік те, есімізден таңып қалдық, - деді Серік Ерғали. 

Ғалым бір жағынан амал деген ұғымды ұстап қалу үшін қазақ 14 наурызды амал мерекесі деп кеткенін айтады. Сондықтан ресми түрде қазір көрісу, амал деп аталып жүрген күнге мүшелдік жыл басы деп мәртебе беру керегін ұсынды.    

Қазақ күн мен түннің теңелуін наурыз деп атаған жоқ – Серік Ерғали

14-індегі мейрамды ресми түрде 21-22-сіне ығыстырып тастады. Наурыздың басы қалып қойды, қазір аяғын мерекелеп жүрміз. Осыны қалыпқа келтіруіміз керек. Менің қақсағаныма 15 жылдай болып қалды. 22-сінен басталатын демалысты 14-іне ауыстыру керек. Мүшелдік жыл басы деп мәртебе беру керек. Сонда бәрі қалпына келеді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы