Qazaq green fest II халықаралық іскерлік фестивалі өтті

27 Мамыр 2023, 01:35
924
Бөлісу:
Qazaq green fest II халықаралық іскерлік фестивалі өтті
Фото: 7kun.kz

Бурабайда жасыл энергия көздерін қолдануды дамытуға арналған Qazaq Green екінші Халықаралық іскерлік фестивалі жалауын көтерді. Салаға жауапты министрліктер мен сарапшылардың, сондай-ақ іскерлік қауымдастықтың басын қосқан шара пандемия жылдарынан кейін алғаш рет ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының өкілдері де шақырылған.

Елімізде баламалы энергия көздерін кәдеге жарату ісі дамып келеді. Оған ел үкіметі ұстанған «көгалдандыру» саясаты өз септігін тигізуде. Мәселең, өткен жылы жалпы қуаты 2388 МВт болатын 130 Жасыл энергетика нысаны пайдалануға берілді. Ал, өндірісті «жасыл» бағытта дамыту бастамасы елдегі жасыл энергия көздерінің үлесін 2030 жылға дейін 10%-дан 15%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлауда. Сондай-ақ, 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы қабылданған. Мұнда 2035 жылға дейін Жаңғырталмалы қуат көздерінің болжамды теңгерімін 6 ГВт жеткізу көзделген.

Өзгелердің жаңалығы