Вашингтонда қазақ диаспорасы өкілдері кездесті

9 Қыркүйек 2019, 17:34
2460
Бөлісу:
Вашингтонда қазақ диаспорасы өкілдері кездесті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақ-Америка қауымдастығы Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің қолдауымен шетелдегі қазақ диаспорасының бірлігін қалыптастыру мен нығайту мақсатында пикник форматында «Bas Qosu» атты жыл сайынғы іс-шара ұйымдастырды.

photo5454104542158367615.jpg

«Кездесуге 150-ден астам қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ АҚШ-та оқитын студенттер қатысты. Іс-шара барысында түрлі байқаулар ұймдастырылып, қазақстандық суретші Ерден Зікібайдың картиналарының көрмесі өтті», - делінген хабарламада.

photo5454104542158367614.jpg

Қазақстанның Вашингтондағы елшілігімен қазақ диаспорасына ұлттық стильдегі кәдесый бұйымдары мен Қазақстан тарихы туралы кітаптар таратылды. Сонымен қатар, елшілік мәдениет және өнер саласындағы алдағы іс-шаралар, соның ішінде осы жылдың қазан айында АҚШ-тағы қазақстандық қолөнершілердің көрмесі туралы хабардар етті.

Өзгелердің жаңалығы