Қазақ баласы қытайлықтарды таңқалдырды

1 Тамыз 2019, 17:47
3714
Бөлісу:
Қазақ баласы қытайлықтарды таңқалдырды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас ғалым Қуаныш Мәден Қытайдың Макао арнайы әкімшілік ауданында өткен халықаралық «CASTIC – 2019» байқауында үздік атанды. Робототехника бойынша түрлі сайыстың бірнеше дүркін жеңімпазы өз жобасымен әлемге әйгілі ғалымдарды таңқалдырып, шетелдіктердің жоғары бағасын алды.

IMG_6165-31-07-19-12-52.JPG

Шымкент қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі спан асты еліне 67 мемлекеттен 600-ге жуық өнертапқыш жиналып, өз бақтарын сынады. Оның ішінде Қазақстанның намысын Шымкент қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті Қуаныш Мәден мен елордалық оқушы Темірлан Рахымбаев жобаларын түрлі салада жұмыс жасайтын 7 әділ қазы мүшесінің алдында қорғады.

IMG_6166-31-07-19-12-52.JPG

«Мен инженерия ғылымдары, ал Темірлан компьютерлік технологиялар аталымы бойынша бақ сынадық. Біз өз мүмкіндігімізді толық көрсете алдық деп ойлаймын. Қарсыластарымыз да осал емес еді. Бірақ біз барынша тырысып, жобамыздың жоғары бағалануы үшін біраз еңбек еттік. Ең бастысы, еліміздің атын шығаруға аз да болса, өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымын», - дейді жас өнертапқыш.

IMG_6164-31-07-19-12-52.JPG

Қуаныш әдеттегідей жүздеген қарсыласынан ерекшеленіп, халықаралық додаға әлемде әлі күнге дейін баламасы жоқ роботын әкелді. Жас ғалымның бұл жолғы жұмысы да «Жасыл экономикаға» негізделіп жасалған. Аталған жобаны тіпті бірнеше компания мүшелері қаржыландыруға дайын екендіктерін де жеткізіпті. Бірақ, Қуаныш Мәденнің өз жоспары бар. Болашақта ол роботын халықаралық өндіріске қосуды жоспарлап отыр. Осылайша, жас ғалым Қазақстанның дамуына үлес қосып, жаңа технологиялар арқылы қазақты әлемге танытуды көздеп отыр.

IMG_6167-31-07-19-12-52.JPG


Өзгелердің жаңалығы