Қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетіледі

28 Қазан 2023, 18:01
851
Бөлісу:
Қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетіледі
Фото: Архив BAQ.KZ

Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандыру қорынан және өмірді сақтандыру компаниясынан төленеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жедел штаб отырысында айтты.

Жәрдемақы көлемінің жалпы орташа мөлшері асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 400-500 мың теңгеден басталады. Егер балалар жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болса, онда 23 жасқа дейін төленеді. Әзірге барлық төлемді өтеу «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жүктеледі. Кәсіпорын ұжымдық шартқа сәйкес жылдық төлем тәуекелдерін төлеуге міндетті. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жерлеу рәсімдеріне байланысты барлық шығынды, сондай-ақ балаларды жоғары оқу орындарында оқытуды өз мойнына алуға тиіс, – деді Светлана Жақыпова

Өзгелердің жаңалығы