Қайырымды Рамазан. TIKA елордалық отбасыларға бір қорап азық-түлік таратты

28 Сәуір 2022, 19:04
1938
Бөлісу:
Қайырымды Рамазан. TIKA елордалық отбасыларға бір қорап азық-түлік таратты
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) «Рамазан бағдарламалары Қазақстан-2022» жобасы аясында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

Қайырымдылық жобасы аясында TIKA елордадағы әлеуметтік осал топтан шыққан отбасыларға бір айлық азық-түлік қорабын табыстады.

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Қазақстандағы өкілі Хикмет Өзденоглу іс-шараның мақсатына тоқталып өтті.

Қайырымды Рамазан. TIKA елордалық отбасыларға бір қорап азық-түлік таратты

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің әлемнің түкпір-түкпірінде өкілдіктері бар. Осы ретте Қазақстанда болсын, басқа мемлекеттерде болсын Қасиетті Рамазан айында көмекке мұқтаж отбасыларға көмек көрсетеміз. Ол көмектер ауызашар, осындай азық-түлік тарату түрінде өткізіліп жатыр, - деді ол.

Сөзінше, мұндай акция елордадан басқа, Шымкент, Қостанай, Алматы және Түркістан қалаларында да өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл азық-түлік қораптары түрік бауырларының қазақстандық бауырларға тартқан сыйы.

Қайырымды Рамазан. TIKA елордалық отбасыларға бір қорап азық-түлік таратты

Қораптардың ішінде бір отбасының бір айлық қажеттілігін өтейтін азық-түлік жиынтығы бар. Бұл іс-шара тек ТІКА-ның ғана емес, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе, ынтымақтаса отырып, ұйымдастырылып отыр. Дәлірек айтқанда, әкімдік, ҚМДБ-ның да тікелей қатысы бар. Қораптың ішінде тұз, ұн, күріш, май, шай және басқа да азық-түліктер бар, - деді Хикмет Өзденоглу.

TIKA-ның Қазақстандағы өкілі қайырымдылыққа таратылған азық-түліктер Қазақстаннан сатып алынғанын жеткізді.

Қайырымды Рамазан. TIKA елордалық отбасыларға бір қорап азық-түлік таратты

Азық-түліктер Қазақстаннан сатып алынды. Қайырымдылыққа жұмсалған бағаны Түркияда есептемейді. Сол себепті қайырымды іс-шараның сомасы болмайды. Жалпы 1 250-ден аса отбасыға осындай қораптар таратылды. Сондай-ақ кішкентай балаларға 300 қорап тәттілер сыйға берілді, - деп түсіндіріп өтті Хикмет Өзденоглу.

Қайырымды Рамазан. TIKA елордалық отбасыларға бір қорап азық-түлік таратты

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Қазақстандағы өкілі Хикмет Өзденоглуның Қазақстанға келгеніне 2 аптадай уақыт болған. 

Қайырымды Рамазан. TIKA елордалық отбасыларға бір қорап азық-түлік таратты

Оның айтуынша, TIKA Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ашылып, 1995 жылдан бастап қызметін атқарып келеді. Сондай-ақ агенттік жобаларды қазақстандық әріптестерімен бірлесіп, жүзеге асырады. Агенттік білім, денсаулық, медиа және басқа да салаларда жобаларды жүзеге асыруды мақсат етеді.

Қайырымды Рамазан. TIKA елордалық отбасыларға бір қорап азық-түлік таратты

Сонымен қатар қайырымдылық акциясына қатысқан көпбалалы ана бауырлас түрік халқына алғысын жеткізді.

Қайырымды Рамазан. TIKA елордалық отбасыларға бір қорап азық-түлік таратты

Көпбалалы анамын. ТІКА осындай шараны жиі ұйымдастырады. Мысалы, Рамазан айында, Құрбан айтта осындай азық-түлік қорабын таратады. Жалпы көпбалалы отбасы ретінде әкімдіктің тізіміне енген екенбіз. Әкімдіктегілер біздің байланыс нөмірлерімізді акцияны ұйымдастырушыларға берген . Сөйтіп міне, бүгін біз де акцияға қатысып отырмыз, - дейді 4 баланың анасы Әйгерім Жарытбаева.

Еске сала кетейік, былтыр да дәл осы уақытта ТІКА «Ұлылар дастарханы» жобасы аясында осындай қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Агенттік акция аясында 1000-нан астам отбасыға азық-түлік қорабын таратқан болатын.

Сонымен қатар 2021 жылғы 10 маусымда Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі «Жетім күлсе – әлем күледі» жобасы аясында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы