Қайырбек Өскенбаев БАҚ өкілдерімен кездесті

24 Маусым 2022, 17:20
1242
Бөлісу:
Қайырбек Өскенбаев БАҚ өкілдерімен кездесті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев кәсіби мереке қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, еркін форматта әңгімелесті.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдейді.

Қайырбек Өскенбаев БАҚ өкілдерімен кездесті

Ведомство басшысы журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, ақпарат алаңында жүрген төртінші билік өкілдеріне алғыс білдірді.

Мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір іспеттес қызметтеріңіздің маңызы зор. Осы ретте бұқаралық ақпарат құралдары үшін әрқашан ашық болу өте маңызды деп санаймын. Сіздердің қоғамдық пікір қалыптастырудағы және халықты ақпараттандырудағы жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын. Сондай-ақ министрліктің қызметіне байланысты қандай да бір проблемалық мәселелерді көтеріп, билік пен көпшіліктің назарын аударатындарыңызды қолдаймын. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі тиімді ете түсері анық, – деді ҚР ИИДМ басшысы.

Қайырбек Өскенбаев БАҚ өкілдерімен кездесті

Жиын барысында министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасымен атқарылып жатқан ілкімді істерді атап өтіп, алдағы жоспарлар жайында баяндады. Сөз кезегінде отандық БАҚ журналистері ИИДМ басшысына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жүйелі жауаптар алды. Сондай-ақ, ведомство басшысы мұндай форматтағы кездесулер алдағы уақытта да белгілі бір тақырып аясында тұрақты негізде өткізіліп тұратынын айтты.

Қайырбек Өскенбаев БАҚ өкілдерімен кездесті

Кездесу соңында қатысушыларға министрдің атынан Алғыс хаттар табысталды.

Өзгелердің жаңалығы