Шешенстанда қайғылы оқиға орын алды: 46 жастағы Руслан Умаев ұйықтап жатқан келінін тұншықтырып өлтіріп, кейін оның денесін үйінің ауласында өртеп жіберген. Қылмысын мойындаған ер адам көп ұзамай Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырып, Украинадағы соғысқа аттанып кеткен. Бұл туралы құқық қорғау органдарына жақын Baza Telegram-арнасы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайтыс болған 22 жастағы Кристина Мәскеу маңындағы Лобня қаласының тумасы. Ол 2019 жылы Ахмед есімді жігітпен танысып, бір жылдан кейін тұрмысқа шығып, оның туған жері Шешенстанға көшіп кеткен. Қыздың туыстарының айтуынша, Ахмед Кристинаға үйленгісі келмеген, бірақ бұл қадамға әкесінің – Руслан Умаевтың қысымымен барған.

Төмендегі селфи түрінде түсірілген суреттен 22 жастағы келін Кристина мен оның 46 жастағы қайын атасы Руслан Умаевты көруге болады.

Кристина күйеуінің өзін жиі ұрып-соғатынын анасына айтып шағымданып жүрген. Бірақ ол ешқашан қайын атасы жайлы жаман пікір айтпаған. 2022 жылы ол ажырасуға бел буып, туған еліне оралады. Алайда Шешенстандағы туыстары Кристина мен Ахмедтің қызына бірлескен қамқоршылықты алып, қызын жиі Шешенстанға әкетуге мәжбүрлеген.
.jpeg)
Марқұмның анасы мен құрбысының айтуынша, қаза таппас бұрын Руслан Умаев Кристинаға оғаш және қорқынышты түрде жақындай бастаған.
2024 жылдың қыркүйегінде Кристина Шешенстанда жүрген кезінде туыстарымен байланысқа шықпай қояды. Бірнеше күннен соң оның анасы қыздың өлімі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан естіген.
.jpeg)
Умаев Кристинаны ұйықтап жатқанда тұншықтырып өлтіріп, денесін ескі дөңгелектермен бірге өртеп, кейін қалдықтарды қапқа салып, өзенге лақтырып жібергенін мойындады. Тергеу барысында үйден қан іздері бар тұншықтырғыш жіп пен Умаевтың шәует іздері табылған.
Күдікті бұл қылмысты "аморальды әрекеттері үшін" жасағанын айтқан. Оның үстінен кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, сот процесі басталмай жатып, ол соғысқа кетіп қалған.
Ол келісімшартқа қол қойды. Сол кезде қорғаушысы істі тоқтата тұру туралы өтініш берді. Біз қарсы болдық, бірақ сот оның әскери келісімшартын негізге алып, істі уақытша тоқтатты, - дейді марқұмның анасы Анастасия.