Қайтарылған жер жергілікті шаруалардың арасында бөлініп берілуге тиіс – Президент

20 Қазан 2022, 09:59
808
Бөлісу:
Қайтарылған жер жергілікті шаруалардың арасында  бөлініп берілуге тиіс – Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуі баырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу өлкесінің ауыл шаруашылығындағы әлеуеті өте зор. Табиғаты – жайлы, жері – құнарлы. Мұнда жер де, су да жетеді. Тек оны тиімді пайдалану керек. Менің тапсырмам бойынша Үкімет биыл 5 миллион гектарға жуық бос жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтарды, - деді Президент.

Мемлекет басшысы осылайша жер тапшылығы мәселесі шешілетінін айтты.

Біз осылай ауылдардың маңындағы жер тапшылығы мәселесін шешеміз. Қайтарылған жер жергілікті шаруалардың арасында әділ бөлініп, берілуге тиіс. Бұл әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам болады. Бүгінде Жетісу облысы бойынша 100 мың гектардан астам игерілмей жатқан жер анықталды. Соның жартысы мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер – халықтың байлығы. Ол барлық азаматтың игілігіне жарауы керек. Әкімдер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы қажет, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы