Қайталап айтамын, барлық жоба халықтың игілігіне арналуы тиіс – вице-премьер

6 Мамыр 2022, 18:21
2238
Бөлісу:
Қайталап айтамын, барлық жоба халықтың игілігіне арналуы тиіс – вице-премьер
Фото: автордан

Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Жамбыл облысына барып, тұрғындардың тұрмысын арттыруға бағытталған қанатқақты жобамен танысты. 

Үкімет басшысының орынбасары алдымен жобаған енген, Тараз қаласының іргесіндегі Байзақ ауданына қарасты Талас ауылына барып, "Қостөбе-2019" ауыл шаруашылығы кооперативінде болды. Мұнда қанатқақты жоба аясында көп жұмыс атқарылыпты. Атап айтсақ, Қостөбе ауылдық округінде жобаға 1 222 аула қатысқан. Ондағы коператив мүшелеріне 887 миллион теңге несие берілген. 

Жамбыл облысы əкімінің орынбасары Нұржан Календеровтың айтуынша, бірінші кезекте үй іргесіндегі жер телімдерін игеруге басымдық беріліп отыр. Оған қажетті тұқымға 6 миллион теңге жұмсалған. Несие «Тараз əлеуметтік кəсіпкерлік корпарациясы» АҚ арқылы берілген. 

Несие ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен беріліп, оның басым бөлігіне мал алынған. Мал алуға берілген несие 754,7 миллион теңгені құрады. Қазіргі таңда 1222 ауланың бес жүзден астамында мал бар. Ауыл тұрғындарының 73 пайызы мал шаруашылығымен айналысуда. Үй іргесіндегі жер телімінде қияр, қызанақ, тұрып пен қырыққабаттар өсірілуде. Бір ауладан жиналған бірінші айналымдағы өнім – 113, екінші айналымда 126 мың теңгені құраған. Ал мал басы 53 пайызға жоғарылаған. Осы жобаның арқасында кəсіпкерлер саны 257-ге жеткен. Осының есебінен атаулы əлеуметтік алатындар 49 пайызға төмендеді, - деді ол.

Коперативке 34 шаруа қожалығы, 257 кəсіпкер мүшелікке енген. Несиенің қайтарымы 97 пайызды құрады. Несиені кооператив мүшелері көктем жəне күзде өтейді. Бүгінде несиесін толық жапқандардың үлесі 25 пайызға жетті. 

Қайталап айтамын, барлық жоба халықтың игілігіне арналуы тиіс – вице-премьер

Кооператив директоры Мəди Сейітқасымов ұжым жұмысының барысы жақсы жүріп жатқанын жеткізді. Кооперативке енді 400 гектар егістік жер керек. Елдімекендегі мал азығын олар 235 гектар егістік алқаптан жинаса, қалғанын гидропоника қондырғысы арқылы қамтыған. 

Субсидияға байланысты мəселе көп. Берілген субсидияның қайырымы бар ма? - деп сұрады Премьер-министрдің орынбасары шаруадан.

Кооператив төрағасы округте 6 шағын цехтың ашылғанын, олардың құрал жабдығы 50 пайыз субсидияланғанын, қазір ол жылыжай мен қайта өңдеу цехтары өз жұмысын жолға қойып, өнім өндіріп жатқанын айтты. Жалпы округтегі өнім көлемі бұрынғымен салыстырғанда 3,7 пайызға жоғарылапты. 

Қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тың бағдарлама мен жобалар қабылдануда. Бұл бағдарламалар мен жобалар бірінші кезекте халықтын тұрмысын, өмір сүру деңгейін дамытауға бағытталған. Соның ішінде «Ауылдың аманаты» атты бағдарлама қабылданғалы жатыр. Осы арқылы 2025 жылға дейін елдегі азық-түлік қауіпсіздігін шешіп, оны 100 пайызға жеткізу көзделген. Сіздерде мүмкіндігі шектеулі Анар Бексұлтанова өз кəсібін ашып, аяғымен көрпе тігіп,  өзгелерге үлгі болуда. Түркістанда Нұржан деген азаматтың екі аяғы жоқ. Ол да кəсіп ашып, күніделікті 9 мың теңге табыс табады. Ол кісі «Жұмыс жоқ дегенге сенбеймін, ниет болса жұмыс бар» дейді. Осындай азаматтарды халыққа үлгі ете отырып, жұмысқа тартуымыз керек. Сол үшін осындай кооперативтерді көбейтіп, ауыл тұрғындарын бір шаруаға бейімдеген абзал. Қажет болса, кооператив төрағаларын оқытып алған да артықтық етпейді, - деді Ералы Тоғжанов. 

Өңірдің əкімі Нұржан Нұржігітов қазіргі таңда аймақтағы 14 ауылдық округте осы жобаның табысты жүрзеге асырылып жатқанын айтты. Егер Үкіметтен қаржы бөлінсе, өзге көптеген ауылдық округтер осы жобаға қатысуға ынта танытып отырғанын жеткізді.

Қайталап айтамын, барлық жоба халықтың игілігіне арналуы тиіс – вице-премьер

Бұдан кейін Жамбыл облысы əкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов жайылым мəселесін шешу барысы туралы баяндай келіп, атқарылған жұмысқа тоқталды. 

Өткен жылы мемлекетке қайтарылған 334 мың гектар жайылым ауылдық округтертердің еншісіне берілген. Биыл елдімекен жайылымына 418,4 мың гектар жайылым жер беру көзделген. Бұдан бөлек, босалқы жер қорыннан - 106,9 мың, ауыл іргесінен 5 километр қашықтықта орналасқан – 165,6 мың, сондай-ақ игерілмей жатқан 145,9 мың гектар жайылымды айналымға қайтару жоспарланған, - деді ол.

Премьер-министр Ералы Лұқпанұлы игерілмей жатқан, ауыл іргесіндегі жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, ауылдық округтердің еншісіне беру барысында аймақтағы атқарылған жұмыстарға жақсы баға беріп, Жамбыл облысының осы бір ұтымды тəсілін республиканың өзге өңірлеріне де таратуға кеңес берді. Бір атап өтерлігі, бұл іссапарға Қаржы, экономика мен ауыл шаруашылығы министрлері мен вице-министрлері, республиканың барлық облыс əкімдерінің орынбасарлары қатысқан болатын.

Қайталап айтамын, барлық жоба халықтың игілігіне арналуы тиіс. Біз халықтың санасын өзгертуіміз қажет. Қазір жұмыс жоқ деп отыратын уақыт емес. Барлық жобаны халық жағдайына келтіруге тиіспіз. Мынау қанатқақты жобаның тиімділігі жоғары. Бұл жобаға жұмсалған қаржы қайтады. Қайтарымы бар осындай жобалар қаржыландырылуы тиіс. Сондықтан ел бойынша қанша ауылдық округ бар, бұл жобаны қаржыландыруға қанша қаражат керек, соны есептеп, шешімді тез қабылдау қажет. Біз ауылдың мəселесін жай сөзбен емес, нақты іспен шешуіміз керек, - деді Ералы Лұқпанұлы.

Бұдан кейін Премьер-министрдің орынбасары «Шамуратов Шовкат Валепьевич»  жеке кəсіпкерлігінің шұжық цехымен танысты. Кəсіпкер Шовкаттың айтуынша, цех 2020 жылы құрылған. Цехта күніне 400 килограмм дайын өнім өндіріледі. Бұл кəсіпті жүргізу үшін кəсіпкер 10 миллион теңге несие алған. 

Қайталап айтамын, барлық жоба халықтың игілігіне арналуы тиіс – вице-премьер

Қарамағымда 7 адам жұмыс істейді. Өндірген өнімді Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларына өткерудеміз. Тапсырыс болса, тəулігіне 1000 килограмм шұжық дайындай аламыз, - деді Шовкат.

Ералы Тоғжанов келесі кезекті «Серік» жеке кəсіпкерлігінің жұмысын көрді. Жылыжай  басшысы Дархан Аққұмановтың 80 сотыққа орналасқан жылыжайында қияр өсрілуде. Бұл жобаны жүзега асыру үшін ол жоба аясында 5 пайызбен 14 миллион теңге несие алған. Жылыжайдың жылдық қуаты – 30 тонна. 

Қарамағымда 11 адам жұмыс істейді. Жылыжайда тəулігіне 2,5 тонна өнім жиналады. Өнімді күнделікті «Ауыл-Береке» базарына өткереміз. Жобаның тиімділігін ел болып көрудеміз, - деді кəсіпкер.

Кəсіпкердің жұмысы Премьер-министірдің орынбасарының да танданысын тудырғаны анық. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған бағдарламалар мен жобалардың мақсаты – халыққа мүмкіндік беру, жұмыспен қамту. Біз облыс тұрғындарының тұрмысын арттыруға бағытталған қанатқақты жобаның тиімділігін көріп отырмыз. Қияр өсіріп, одан тəулігіне 2,5 тонна өнім жинап, сауда орталығына өткерсе, шұжық цехында да жұмыс жақсы жолға қойылған. Бұл жұмысқа зейнеткерлер де жастар да тартылған. Жобаның бес бағыты бойынша ауыл тұрғындары жеңілдетілген несие алса, тиімді жобалар 50 пайыздық субсидиямен де қамтылған. Əрбір ауланың есебі шығарылып, табыс картасы жасалған. Жобаның тиімділігі өз нəтижесін беріп отыр. Атап айтсақ, бұрын Талас ауылында атаулы əлеуметтік көмек алушылар саны 48 болса, қазір 3 қана отбасы қалған. Округте мал басының артуы шұжық жəне сүт өңдейтін шағын цехтардың жұмысына серпін əкелгенін көрдік. Жылыжайлар мен үй іргесіндегі аулалар да тиімді пайдаланылуда. Осының барлығын көре келе, бұл жобаны бүгіннен бастап республика көлемінде қолға алуды бастаймыз. Қазір ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе жаңа жобаны қолға адық, ол жоба "Ауылдың аманаты" деп аталады. Мақсат халықты жұмыспен қамту, - деді Ералы Лұқпанұлы. 

Ералы Тоғжановты өз шаруасымен қызықтырған жеке кəсіпкерлердің бірі – Алмас Рахымбердиев. Ол 4,5 миллион теңгеге 7 жылқы алып, қымыз өндіруде. Мал басын биыл 10 басқа жеткізген. Бұдан бөлек, 1 құлынды биені сатып, орнына 2 сауынды сиыр алып, сүтін күнделікті саудаға шығарып отыр. Үй іргесіндегі 10 сотық жер телімін бау-бақшаға айналдырған. 

Үкімет басшысының орынбасары осы қос кəсіптен айына қанша табыс тауып отырғанын сұрады шаруадан. Кəсіпкердің бұрынғы айына табатыны 50 мың теңге болса, жобаға қатысқалы отбасы табысы 300 мың теңгеге өскен. "Осы табыстың арқасында екі қызымды тұрмысқа беріп, ұлымды үйлендірдім. Бір баламды оқытып жатырмын. Көкөністен де, малдан да табыс тауып отырмыз", - деді ол.

Келесі кезекте Ералы Лұқпанұлы дəл осы кəсіпкер сияқты мал жəне көкөніс шаруашылығын қатар алып келе жатқан "Рустем" жеке кəсіпкерлігінің үй іргесіндегі шаруасын көрді. Кəсіпкер Рустем Бакуридзе айлық табысын 500 мың теңгеге дейін ұлғайтқанын айтты. Қос ауладағы шаруа Үкімет өкілдеріне қатты əсер етті, өзге облыстан келген шенеуніктерге осылай жұмысты үйлестіруге болатындығын айтып, бұл тəжірибені кең көлемде таратуды ұсынды.

Бүгінгі таңда мал азығын дайындау басты мəселенің біріне айналғаны белгілі. Бұл мəселені байзақтық шаруалар гидропоника қондырғысын орнату арқылы шешуде. Ералы Тоғжанов гидорпоникамен тұрақты айналысып келе жатқан Тараз қаласында орналасқан "AGRO GREEN" ЖШС жұмысымен де танысты. Гидропониканың тиімді тұстары мен мал азығын дайындаудағы таптырмас мүмкіндігі туралы серіктестік директоры Данияр Əубакіров əңгімелеп берді. Бұл қондырғы əсіресе Қызылорда, Маңғыстау мен Ақтөбе облыстары əкімдері орынбасарларының қызығушылығын тудырды. 

Бұдан кейін Ералы Лұқпанұлы бизнес орталығында болып, жобаны қаржыландырып отырған "Тараз" əлеуметтік кəсіпкерлік корпарациясы" АҚ жұмысымен танысып, акционерлік қоғам басшылығының ұсыныс-тілегін тыңдады. Олардың кооперативтерді ұлттық жоба аясында өңдеу жəне қайта өңдеу құрылғыларымен лизинг арқылы қамтамасыз ету туралы ұсынысына қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді Премьер-министрдің орынбасары.

Іссапар соңында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті базасында Ералы Лұқпанұлының төрағалығымен «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын ілгерілету аясында жамбылдық тәжірибені өзге өңірлерге тарату бойынша кеңес өтті. 

Бүгін біз Жамбыл облысындағы халық табысын арттыру жобасын көру үшін келдік. Бұл жобаның жүзеге асырылып жатқанына үш жылдың жүзі болды. Біз бүгін нақты жобаның нəтижесін көрдік. Қатысқан азаматтармен сол жерде ой бөлісіп, талқыладық. Бұл мəселе өткенде Үкіметте де қаралған. Енді мұны республика көлемінде тарату көзделіп отыр. Ол жұмыс бірден дамып кетеді деп айта алмаймын, бірақ оны бастау керек. Облыстағы 11 ауылдық округке енген жоба өз қайтарымын беріп, қайтарылған қаржы есебінен жобаға тағы үш ауылдық округі енген. Жоба аясында 589 жаңа жұмыс орны ашылған. Есесіне, ол округтердегі атаулы əлеуметтік көмек алушылар 65 пайызға кеміген. Қазір байқағанымыз ол жобаға қызығушылар өте көп. Мұны өзге өңірлерге халықтың тұрмыстық табысын арттыру үшін енгізуге тиіспіз, - деген Ералы Лұқпанұлы жиынға қатысқан өзге облыс əкімдерінің орынбасарларына оның  маңыздылығын тағы пысықтап айтып өтті.

Жиында облыс əкімі Нұржан Нұржігітов жобаның жүзеге асырылу барысы туралы тарата баян етті. Аймақ басшысы күрмеуін күткен мəлелелерге де тоқталған болатын. Нұржан Молдиярұлы лизинг жүйесімен кооперативтерге техника 2,5 пайызбен берілсе деген тілегін жеткізді. 

Екінші, жобаға қатысушылар тарапынан қайтқан қаражатты қайта айналымға қосып, оны басқа округтерге қосу туралы ұлттық жобаға ұсыныс енгізу ұсынылды. Үшіншіден, гидропоникаға субсидия қаралса, төртіншіден - орман қорындағы жайылымды кооперативтерге беру жолы шешілсе деген мəселелеріміз бар. Тағы бір айта кетерлігі, Жамбыл облысындағы 156 ауылдық округ осы жобаға қосылатын болса, ауыл шаруашылығы өнімі 2,2 есеге ұлғаяды, - деді аймақ басшысы.

Облыс əкімі Нұржан Нұржігітовтің тарапынан ұсынылған ұсыныстар ескерусіз қалмайтын болды. Бұл ретте Ералы Тоғжанов тиісті қаржыны қарастыруға Экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдеріне тапсырма берді.

Бұдан кейін «ЭКО-ЧИКЕН» АҚ өкілі Талғат Ахметбекұлы Қордай ауданындағы шағын құс фабрикасының жұмысы туралы баяндап, құс етін нарыққа шығаруда бəсекелестіктің барын айтты. Бұл мəселе де тиісті министрлік тарарынан қолдау табатын болды.

Бұдан кейін Премьер-министр Ауыл шаруашылығы, Қаржы жəне басқа да министрлік өкілдерін, кейбір облыс əкімінің орынбасарларын тыңдады.

Кеңесте түрлі тақырыпта сөз қозғалып, сұрақтар беріліп, ұсыныстар ортаға салынды. 

Күрмеуі шешімін таппаған мəселелер айтылып, оның шешу жолдары ортақ алаңда талқыға түсті. Кеңесте қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарылып, ұсыныстар хаттамаға енгізілді. Кеңес отырысын Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тонжанов қорытындылап, Жамбыл облысындағы қанатқақты жобаның жүргізілуіне жоғары баға берді.

Өзгелердің жаңалығы