Қайрат Сатыбалды ұсталды

13 Наурыз 2022, 20:40
2660
Бөлісу:
Қайрат Сатыбалды ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі таратқан мәліметте лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны айтылады.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қ. Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
 

Өзгелердің жаңалығы