Қайрат Сатыбалды бостандыққа мерзімінен ерте шығуы мүмкін бе

26 Қазан 2023, 12:28
824
Бөлісу:
Қайрат Сатыбалды бостандыққа мерзімінен ерте шығуы мүмкін бе
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалдының бостандыққа мерзімінен ерте шығуы мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Теориялық тұрғыдан алып қарасақ, бізде заң жазаны өтеуді мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген мерзімін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру сынды шараларды қолдану мүмкіндігін қарастырады. Заңда белгілі талаптар бар. Бұл қандай да бір мерзім немесе келтірілген шығынның орнын толтыру болуы мүмкін. Одан кейін мінездемесі және сол сияқты дүниелер, бас бостандығынан айырылған жердегі тәртібі ескеріледі. Бірақ мен сотталушының мерзімінен бұрын босатуға немесе жазасын жеңіл түрге ауыстыруға өтініш беруге құқығы бар екендігін айтқым келеді. Ал сот өтінішті қанағаттандыруға немесе бас тартуға құқылы. Сотталушы жүгінгенімен сот оны босатуға міндетті деген жоқ. Тіпті егер мерзімі келсе де, ол түзелу жолына түспеу себептері бойынша өтініші қанағаттандырылмауы мүмкін, - деп түсіндірді Бас прокуратура өкілі Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалды алты жылға сотталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы