Қайрат Нұртастың жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

28 Наурыз 2023, 10:35
872
Бөлісу:
Қайрат Нұртастың жүргізушісі жауапкершілікке тартылды
VIDEO
Фото: Әншінің әлеуметтік желісінен

Әнші Қайрат Нұртас отырған көлік жүргізушісі Талдықорғанда жол ережесін бұзған. Желіде оқиға орнынан видео тараған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіні шолып отыратын тәртіп сақшылары аталған деректі растап, осы заңбұзушылыққа қатысты түсініктеме беріп өтті. Айтуларынша, 45 жастағы көлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Mercedes-Benz жүргізушісі Талдықорған қаласында ҚР Жол ережелерін бұзуға жол бергенін хабарлаймыз (Қозғалысқа тыйым салынады). Іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы автокөлік жүргізушісі Алматы қаласының аумағында ұсталып, ҚР ӘҚБтК 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Жол белгілерімен көрсетілген талаптарды сақтамау). Жетісу полициясы азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымын көрсеткені, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілігі және құқықтық тәртіп органдарына жәрдемдескені үшін алғыс білдіреді, - делінген Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы