«Қайғылы қаңтар». Қанша адам қамауға алынды?

15 Қаңтар 2022, 22:18
2188
Бөлісу:
«Қайғылы қаңтар». Қанша адам қамауға алынды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев хабарлады. Оның айтуынша, қылмыс жасады деген күдікпен 672 адам уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.

Оның ішінде 446-ы сот санкциясымен қамауға алынды. Құжаттарды тексергеннен кейін және прокуратурамен ұстауға негіз болмағандықтан 100-ге жуық адам босатылды. Бас прокуратура әр факті бойынша тиісті құқықтық баға беру арқылы мұқият зерттелетінін мәлімдеді. Бүгінгі таңда жедел тергеу топтары 546 қылмыстық істі тергеуде, оның ішінде 44 - терроризм актілері бойынша, 34 – жаппай тәртіпсіздіктер, 15 адам өлтіру бойынша, - деді Серік Шалабаев.

Снымен қатар ол қазіргі уақытта прокуратураға құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне қатысты 32 өтініш келіп түскенін алға тартты.

Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілімен, Ұлттық алдын алу тетігінің және ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қатысушыларымен өзара іс-қимыл жолға қойылды. Зорлық-зомбылықтың, медициналық көмек көрсетпеудің және қорғаушыларды ұсынбаудың ықтимал жағдайларын тәуелсіз тексеру мақсатында оларға жеткізілген және ұсталған адамдарды ұстау орындарына кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілді, - деді ол.  

Ескеретін жайт,  заңды құқықтары бұзылған жағдайда азаматтар 115 нөмірі бойынша Бас прокуратураның колл-орталығына немесе тікелей прокуратураның аумақтық органдарына жүгіне алады.

Өзгелердің жаңалығы