Қай өңірлер жергілікті бюджет қаражатынан қағылып отыр?

9 Тамыз 2022, 12:01
1662
Бөлісу:
Қай өңірлер жергілікті бюджет қаражатынан қағылып отыр?

Тұрғындардың әкімдермен кездесу барысында көтерген проблемалық мәселелері туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бүгін өткен Үкімет отырысында айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы биыл 3 наурызда барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен тұрақты кездесулерінің жаңа форматын бекітті. Әкімдіктер мәслихаттармен келісе отырып, 2022 жылға арналған кездесулердің икемді күнтізбелерін бекітті. Онда барлық деңгейдегі әкімдер 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 594 мың адамның қатысуымен халықпен 8,5 мыңға жуық кездесулер өткізді. Тұрғындар тарапынан тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым, абаттандыру, жер, экология, жолдарды реконструкциялау, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу мен тұрғын үй мәселелері бойынша 29,2 мыңнан астам ұсыныстар мен сұрақтар көтерілді, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, жергілікті атқарушы органдармен кездесулердің қорытындысы бойынша 12,6 мың мәселе шешілген. 

Әкімдіктердің бақылауында қалған сұрақтарды шешу үшін 515 млрд теңге қажет. Өңірлер бюджеттерді түзету шеңберінде 149,2 млрд теңге немесе қажеттіліктің 29%-ы қарастырған. 6 өңірде жергілікті бюджет қаражатымен қамтамасыз ету деңгейі орта республикалық деңгейден аз. Ең төмен көрсеткіш Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында, - деді Әлібек Қуантыров. 

Өзгелердің жаңалығы