2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген.
Соңғы 12 айда олардың саны 55,6% артты. Бір жыл бұрын елімізде 15 835 электромобиль есепте тұрған болатын.
Ең көп электромобиль Алматы қаласында тіркелген. Қала үлесіне елдегі барлық электромобильдердің 62% тиесілі - 15 280 құрайды. Саны бойынша көшбасшы өңірлер үштігіне сондай-ақ Астана қаласы (2 885 бірлік) мен Алматы облысы (1 589 бірлік) кіреді. Электромобильдер Қазақстанның барлық өңірлерінде тіркелгенімен, өңірлер бойынша таралуы біркелкі емес. Ең төмен көрсеткіш Абай облысында – 78 бірлік және Ұлытау облысында – 41 бірлік тіркелді, - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін елімізде электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір түсі өзгеруі мүмкін екені хабарланды.