БАҚ: АҚШ пен Иран ұзаққа созылған қақтығысты аяқтаудың жолын таба алмады

Вашингтон мен Тегеран арасындағы қақтығысты түпкілікті реттеу әлі де белгісіз күйінде қалып отыр.

 istockphoto.com 16 Тамыз 2026, 09:17
16 Тамыз 2026, 09:17
759
Фото: istockphoto.com

АҚШ пен Иран екі ел арасындағы ұзаққа созылған текетіресті түпкілікті аяқтаудың нақты жолын әзірге көріп отырған жоқ. Тараптардың ешқайсысы шешуші басымдыққа қол жеткізе алмай отыр, ал ара-тұра болатын қақтығыстар тұрақсыз бітіммен алмасып келеді.

Bloomberg мәліметінше, қазіргі жағдай Вашингтон мен Тегеран арасындағы көп жылдан бері жалғасып келе жатқан шиеленістің жалғасына айналды. Қақтығыс белгілі бір циклмен өрбіп келеді: әскери іс-қимылдардан кейін уақытша үзіліс орнайды, алайда біраз уақыттан соң соққылар қайта жалғасады.

Агенттіктің бағалауынша, келіссөздер басталған күннің өзінде бұл қақтығыстың ұзақ мерзімге реттелуіне кепілдік бермейді. Өйткені АҚШ пен Иран арасында терең саяси қайшылықтар әлі де сақталып отыр.

Bloomberg ең ықтимал сценарийлердің бірі ретінде текетірестің салыстырмалы түрде төмен қарқынмен жалғасып, ара-тұра қайта шиеленісуін атайды. Сонымен қатар Ормуз бұғазының қайта жабылуы да жоққа шығарылмайды.

Наверх