Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі дрифт жасап, жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзған жүргізуші 15 тәулікке қамалғанын хабарлады.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қала көшелерінің бірінде қауіпті дрифт жасаған BMW маркалы автокөлік анықталды.
Құқық бұзушының жеке басын анықтау барысында көлік тізгінінде Жамбыл облысының аудандарының бірінің 20 жастағы тұрғыны болғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұған дейін жас азамат жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзғаны, сондай-ақ тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Жолда дрифт жасау және қауіпті маневрлерге бару айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жол қозғалысына қатысушылар белгіленген ережелерді сақтап, өздерінің және өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс, - деп ескертті облыстық ПД.
Бұған дейін де Астанада тұрғын үйлердің жанында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды. Ер адам қоғамдық тәртіпті қасақана бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Тағы оқи отырыңыз: Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысты: Бір адам қаза тапты