Астанада тұрғын үйлердің жанында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

Ер адам қоғамдық тәртіпті қасақана бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

 istockphoto.com 3 Қазан 2026, 19:09
3 Қазан 2026, 19:09
169
Фото: istockphoto.com

Астанада тұрғын үйлердің маңында Mercedes-Benz көлігімен қауіпті маневр жасап, дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ер адам көлікті әдейі тайдырып, айналадағы адамдарға қауіп төндірген.

Прокуратураның мәліметінше, заң бұзушы жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Оның әрекеті қоғамдық тәртіпті қасақана бұзу ретінде бағаланып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, сот ер адамға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ жазасын тағайындады.

Астана прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді жауапкершілікке тарту жұмыстары полициямен бірлесіп жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Наверх