Қауіпсіздікті ұйымдастыра алмай отырған мектептер бар – Ғани Бейсембаев

23 Сәуір 2024, 15:40
274
Бөлісу:
Қауіпсіздікті ұйымдастыра алмай отырған мектептер бар – Ғани Бейсембаев
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл туралы министрліктің аппараттық отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балалардың мектептегі қауіпсіздігі ең басты назарда ұсталатын дүние болуы керек. Сондықтан да, әріптестер, жалпы бүкіл мектептегі бақылау жұмысын, ондағы қауіпсіздік шараларын сақтауды қатаң орындау бағытында жұмысты күшейту керек. Жалпы мектептегі, басқа да білім мекемелеріндегі балаларға жайлы, қауіпсіз орта қамтамасыз етуде сіздердің барлықтарыңызға тиісті әдістемелік құралдар, оның алгоритмдері жіберілген болатын, - деді министр.

Ол бұл жұмысты сынып жетекшілерімен, ұстаздармен, оқушылармен, ата-аналармен бірлесіп ұйымдастыру қатаң қолға алыну керегін айтты.

Бұған дейін де бірнеше осы бағытта тапсырма берілген. Дегенменен бұл жұмысты әлі де тиісті деңгейде ұйымдастыра алмай отырған аймақтарды көріп отырмыз. Шұғыл қолға алу керек. Барлық мектептердің білім басқармаларының басшылары, Білім басқармаларының тиісті жауапты мамандары мектептерге барып, оның қауіпсіздік шараларымен, жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз етілуін тікелей бақылауға алып, қарап шығуды тапсырамын, - деді Бейсембаев.

Өзгелердің жаңалығы