Қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген жұмыс берушінің жауапкершілігін күшейту ұсынылды

12 Қаңтар 2023, 20:23
1027
Бөлісу:
Қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген жұмыс берушінің жауапкершілігін күшейту ұсынылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіпорындарындағы өндірістік жарақат мәселесіне көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚРКФ басшысы еліміздің кәсіпорындарындағы өндірістік жарақат мәселесіне де назар аударды. Ол қайғылы оқиғалар бойынша «көш басында тұрған» «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны мысалға ала отырып, мемлекеттің араласу мәселесі пісіп-жетілгенін атап өтті.

Мемлекет ғылыми ұйымдарды тарта отырып, газ-динамикалық құбылыстардың алдын алу жолдарын зерттеп, көмір шахталарындағы ықтимал қауіпті жағдайларды ертерек болжау үшін жұмыс берушілер нақты шаралар әзірлеу керек. Сондай-ақ жұмыс берушіні өндірістік қорларды жаңартуға ынталандыру үшін салықтық жеңілдіктер жүйесін құруды және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша тиісті жағдайларды қамтамасыз етпегені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін заңнамалық деңгейде күшейтуді ұсынамыз, – деп айтты ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

Сатыбалды Дәулеталин әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту туралы айта келе, әлеуметтік әріптестер тарапынан оң қадамдар жасалғанымен, әлеуметтік әріптестік жүйесінде жұмыс берушілердің толық өкілдік етуіне қатысты ұзаққа созылған белгісіздік өзекті проблема болып қалып отырғаныны тоқталды.

Сатыбалды Дәулеталин еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығынан айырылған адамдардың мәселелері шешілмей тұрғанын, керісінше, сақтандыру заңнамасына енгізілген өзгерістерден кейін 2015 жылдан бері күрт өскенін еске салды. Бұл ретте ол Кәсіподақтар федерациясы Еңбек министрлігінің арнайы жұмыс тобының жұмысын қайта жандандыруды қолдайтынын атап өтті.

Бұл ретте біз регрестердің проблемаларының кешенін шешуді жеделдету қажет деп санаймыз, оның ішінде: өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу үшін өмірлік сақтандыру төлемдерін қайтару (қазіргі шектеу – зейнеткерлік жас); 29%-ға дейін мүгедектік жағдайында сақтандыру ұйымдарының сақтандыру төлемдерін қамтамасыз ету, жұмыс істейтін кеншілер үшін – зейнет жасын төмендету, – деп толықтырды КФ төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы