Қауіпсіздік кеңесі. Әскерилер мәселесі талқыланды

25 Қаңтар 2023, 18:50
1543
Бөлісу:
Қауіпсіздік кеңесі. Әскерилер мәселесі талқыланды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. 

Жиында Қарулы Күштерді одан әрі дамыту және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. 

Сонымен қатар Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен бірқатар өкілетті мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады.

Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әскердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оны кадрлармен қамтамасыз етуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

 

Өзгелердің жаңалығы