Қауіпсіздік ережесін сақтамаған 4 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

16 Сәуір 2023, 05:36
705
Бөлісу:
Қауіпсіздік ережесін сақтамаған 4 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды
Фото: egemen.kz

Жыл басынан бері Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына 23 мемлекеттік қадағалау жүргізіп, нәтижесінде сақтық ережесіне сай келмейтін 374 фактіні анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл 1 қаңтардан бастап профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша жаңа реттеуші саясаттың енгізілуіне байланысты субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Бұл ретте әкімшілік практика желісі бойынша жұмыс жоспардан тыс тексерулер мен өрттер кезінде заңға қайшы әрекеттер болған жағдайларда ғана жалғасады. Бақылау профилактикалық қызмет шеңберінде өртке қарсы жай-күйге 2 750 тексеру жүргізілді, 25 374 талапқа сәйкес келмеу жағдайы анықталды. 2 819 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 358 лауазымды тұлғаға 13 млн 885 мың теңге айыппұл салынды, - деп жазылған министрліктің ресми сайтында жарияланған есепте.

Ведомство ақпаратына қарағанда, биылғы үш айда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына да 23 мемлекеттік қадағалау жүргізілген.

Өзгелердің жаңалығы