Қауіпсіздік басты орында: Вагондарды қабылдау талаптары қатаңдатылды

Stadler компаниясы 2025 жылғы желтоқсанда жүргізілген сынақтар барысында бірқатар сәйкессіздіктер анықталғанын мәлімдеді. Ұлттық тасымалдаушы бұл ақпаратты растады.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 08:54
Бүгiн 2026, 08:54
220
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Жолаушылар қауіпсіздігі – Ұлттық тасымалдаушының басты әрі өзгермейтін басымдығы. Сондықтан жаңа вагондарды сатып алу және пайдалануға беру туралы барлық шешімдер ең алдымен қауіпсіздік, сенімділік және сапа талаптарына негізделіп қабылданады.

Stadler компаниясы 2025 жылғы желтоқсанда жүргізілген сынақтар барысында бірқатар сәйкессіздіктер анықталғанын мәлімдеді. Ұлттық тасымалдаушы бұл ақпаратты растады.

Техникалық бақылау мен сынақтар нәтижесінде вагондардың белгіленген талаптарға толық сәйкес келмейтін тұстары анықталған. Қосымша тексерулер олардың белгілі бір бөліктерін жетілдіру қажеттігін және қауіпсіздік пен сапа стандарттарына сәйкестігін қайта растау керек екенін көрсетті.

Компанияның мәліметінше, бұл жағдай сапа мен қауіпсіздікті бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеп тұрғанын дәлелдейді. Себебі жаңа вагондар пайдалануға берілер алдында жан-жақты сынақтан өткізіліп, ықтимал кемшіліктер ерте кезеңде анықталып, жойылады.

Ұлттық тасымалдаушы өз ұстанымының өзгермейтінін атап өтті: қауіпсіздік, сенімділік және сапа талаптарына толық сәйкес келетіні дәлелденбейінше, бірде-бір жолаушылар вагоны қабылданып, пайдалануға берілмейді. Жеткізу мерзімі немесе коммерциялық міндеттемелер бұл қағидатқа әсер етпейді.

Қазіргі уақытта өндіруші компаниямен бірлесіп анықталған ескертулерді жою және барлық қажетті рәсімдерді аяқтау жұмыстары жүргізілуде. Жаңа вагондар жолаушылар паркін толықтыруы үшін барлық техникалық жетілдірулер аяқталып, белгіленген сынақтардан сәтті өтуі қажет.

Талаптардың барлығы орындалғаннан кейін жолаушыларға қауіпсіздігі жоғары, жайлы әрі сенімді заманауи вагондар қолжетімді болады.

Наверх