Қауіп сейілді: Жалғансай жұрты үйлеріне қайтып жатыр

23 Мамыр 2024, 08:45
290
Бөлісу:
Қауіп сейілді: Жалғансай жұрты үйлеріне қайтып жатыр
Фото: скрин

Жалғансай ауылында 08 сағат 00 минуттағы ахуал тұрақты, ауылдық округте қауіптің сейілуіне байланысты Д.Төленов атындағы орта мектебінде орналасқан Жалғансай ауылының 143 тұрғынын өз үйлеріне қайта көшіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ туыстарына орналасқан 46 адамға ауылға қауіп жоқ екендігі хабарланып, үйлеріне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғындарды қайта эвакуациялау жұмыстарына жалпы 2 автобус, 6 газель автокөліктері жұмылдырылуда.

Сумен шайылған бөгет қосымша нығайтылуда. Тұрғын үйлер мен обьектілерді су басу орын алған жоқ. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта Махамбет ауданында су деңгейі 1020 см, - деп жазады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Еске сала кетелік, 22 мамыр, 23.41 - де Жалғансай ауылына кіреберіс тас жолына жақын маңдағы бөгет жарылды. Салдарынан елдімекенге қарай су таралды.

Оқиға орнында жағдайды реттеу бойынша іс-қимылдарды Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев жүргізді.

Елдімекенге тасқын қаупі төнуіне байланысты, Махамбет ауылына Жалғансай ауылына 154 адам эвакуацияланған.

Д. Төленов атындағы орта мектебіне 143 адам орналастырылды, қалған өз қалауымен 46 адам туыстарының үйіне жеткізілді.

Сумен шайылған бөгетті күштер мен құралдар және ауыл тұрғындары бірігіп 04 сағат 20 минутта толықтай қалыпқа келтірді.

Тұрғын үйлер мен обьектілерді су басу орын алған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Электр желісі ажыратылған жоқ.

Қазіргі уақытта қалыпқа келтірілген бөгетті қосымша нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Оқиға орнында жұмылдырылған күштер мен құралдар саны: 842 қызметкер, 84 техника, 21 қайық.

Өзгелердің жаңалығы