Қатонқарағай ұлттық паркінде жаңартылған туристік маршрут ашылды

22 Шілде 2023, 23:14
1351
Бөлісу:
Қатонқарағай ұлттық паркінде жаңартылған туристік маршрут ашылды
Фото: БҰҰДБ баспасөз қызметі

Қазақстандағы ең ірі табиғи парктердің бірі Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жаңартылған «Орман жолдары» туристік маршруты ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда 14 ұлттық саябақ бар. Мәселен, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметтері бойынша 2022 жылы еліміздің ұлттық парктеріне 2 миллионға жуық турист келді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 25 пайызға жоғары.

Катонқарағай ұлттық паркінің аумағы 643 477 гектарды құрайды. 2017 жылдан бастап Катонқарағай ұлттық паркі Қазақстан-Ресей трансшекаралық биосфералық резерват ретінде ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енгізілген. Ұлттық парк аумағында жалпы ұзындығы 680 шақырымнан асатын 10 туристік маршрут пен төрт соқпақ бар. 2022 жылы Катонқарағай ұлттық паркіне 7061 адам келген.

Шығыс Қазақстан облысы – еліміздің орманды аймақтарының бірі. Облыстың орман қорының ауданы 2,9 миллион гектарды құрайды, оның 1,6 миллион гектары ормандар. Біздің облыс климатты, суды реттеуде маңызды рөл атқаратын, өсімдіктер мен жануарлардың мыңдаған түрлерінің мекені болып табылатын бағалы қылқан жапырақты және жапырақты ормандарға бай. Сондықтан климаттың жылдан-жылға құрғап бара жатқанын ескерсек, Алтайдың таулы ормандарын қорғау – біздің басты міндетіміз. Экологиялық маршруттардың дамуы ұлттық паркке келушілер үшін жануарлар мен өсімдіктер әлеміне зиян келтірмей, қауіпсіздік пен табиғаттың бірегей бұрыштарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді, – деді Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Мейрембеков.

«Орман жолдары» бағытында ұлттық парктің биологиялық әртүрлілігі туралы ақпараттан тұратын кіреберіс топ, өнер нысандары, бес аншлаг, навигациялық белгілер мен ақпараттық стендтер орнатылды. Маршруттың ұзындығы 20 шақырымнан асады және оны жаяу және ат соқпақтарымен еңсеру үшін шамамен бір-екі күн қажет.

Болашақ ұрпақ үшін табиғат пен адамның тепе-теңдігін сақтау әрбір елдің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. БҰҰДБ ел экономикасы үшін экологиялық туризмнің маңыздылығы мен әлеуетін түсіне отырып, осы саланы дамытуға жүйелі қолдау көрсетуде. Мұндай қолдаудың әртүрлі нысандарының қатарында озық тәжірибелер мен жалпыға танылған халықаралық стандарттарды ескере отырып, экологиялық туризмнің заңнамалық базасын жетілдіру, сараптамалық және әдістемелік көмек көрсету, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін экотуризмді дамыту стратегиясын әзірлеу, туристік маршруттар мен жаяу жүргіншілер жолдарын ұйымдастыру, ЕҚТА қызметкерлерін оқыту және ЕҚТА-ға шекаралас аймақтарда "жасыл" бизнесті дамыту, – деді Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов.

Сонымен қатар жоба аясында қуаттылығы 2 кВт жел-күн батареяларының үш жиынтығы орнатылып, саябақтың шалғай қоршауларын электр қуатымен, байланыспен қамтамасыз етіп, инспекторлардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы