Қатар қорғаныс министрлігінің тікұшағы 22 наурыз күні ел жағалауында апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау. Бұл туралы ведомство X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Жоспарлы тапсырманы орындау кезінде Қатар тікұшағында техникалық ақау туындап, соның салдарынан ол мемлекеттің аумақтық суларында құлады, – делінген министрлік хабарламасында.
Қорғаныс министрлігі экипаж мүшелері мен жолаушыларды іздеу операциясы жүргізіліп жатқанын да қосты.