Қатар-2022: Жарақатынан айыққан Бензема соңғы матчтардың біріне қатысуы мүмкін бе?

14 Желтоқсан 2022, 08:08
6174
Бөлісу:
Қатар-2022: Жарақатынан айыққан Бензема соңғы матчтардың біріне қатысуы мүмкін бе?

Франция құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема жарақатынан толықтай айықты, деп жазады BAQ.KZ Marca-ға сілтеме жасап.

Қазіргі таңда футболшы жаттығуға кірісіп кетті.

Айта кеткен жөн, 35 жастағы шабуылшы Франция құрамасының 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар қатарына енген, бірақ жарақатына байланысты ұлттық құрамадан кетіп, Испанияға оралды. Қазіргі таңда жарақатынан айыққан.

Дереккөздің хабарлауынша, Бензема әлем чемпионатының соңғы матчтарында алаңға шығуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы