Қатар-2022: Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

11 Желтоқсан 2022, 16:33
4233
Бөлісу:
Қатар-2022: Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Футболдан Португалия құрамасы Қатардағы әлем чемпионатының ширек финалында Марокко құрамасынан ұтылып қалды, деп жазады BAQ.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл кездесудегі жалғыз гол 42-минутта соғылды. Голдың авторы - Юссен Эне-Нессери. Осылайша, Марокко құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалында Франциямен кездесетін болды. Бұл ойын 14 желтоқсан күні өтеді. 

Бұл ойыннан кейін Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш мәлемдеме жасап - "Ертең Лиссабонға барамын. Сол кезде президентпен кездесіп, жұмысымды сөйлесемін, - деді ол.

Ал италиялық инсайдер Фабрицио Романоның ақпараты бойынша, Сантуш жуырда қызметінен қуылады.

Өзгелердің жаңалығы