Қатар-2022: Марокконың кезекті сенсациясы мен Роналдудың көз жасы

11 Желтоқсан 2022, 00:53
5395
Бөлісу:
Қатар-2022: Марокконың кезекті сенсациясы мен Роналдудың көз жасы

Футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Марокко құрамасы сенсация жасады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Марокко құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Өткен турда Испанияны тізе бүктірген марокколықтар бұл жолы Роналду бастаған Португалия құрамасынан басым түсті.

Қатар-2022: Марокконың кезекті сенсациясы мен Роналдудың көз жасы

Криштиану Роналду ойынның екінші таймында алаңға шықты. Ол бірнеше қауіп сәттер тудырды. Алайда ол да көмектесе алмады.

 

Есеп 1:0 Марокканың пайдасын шешілді.

Гол: Эн-Несири, 42 (1:0)

Матч статистикасы:

Соққылар - 9:11;

Бұрыштама добы - 3:9;

Офсайдтар - 2:2;

Сэйвтер - 3:2;

Тәртіп бұзу - 15:9;

Сары қағаз - 3:1;

Қызыл қағаз - 1:0;

Допқа иелік ету көрсеткіші - 26% : 74%.

Өзгелердің жаңалығы