Қатар-2022: Бүгін алтын медаль иегері анықталады

18 Желтоқсан 2022, 14:34
956
Бөлісу:
Қатар-2022: Бүгін алтын медаль иегері анықталады

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін, 18 желтоқсанда финалда Аргентина мен Франция кездесуі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Кездесу елорда уақытымен 18 желтоқсанда сағат 21:00-де басталады.

Кездесу ел астанасы Лусаил қаласындағы 88966 жанкүйерге арналған «Лусаил Айконик» стадионында өтеді.

Бас төреші - польшалық Шимон Марциняк. Оған отандастары Павел Сокольницки мен Томаш Листкевич көмекші болады. Қосалқы төреші - АҚШ-тан келген Исмаил Эльфат.

FIFA рейтингінде Аргентина 3, Франция 4-орында тұр.

Тікелей эфир «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін он үш мәрте кездесті. Оның 7-де Аргентина, 3-де Франция жеңіске жетсе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

 

Өзгелердің жаңалығы