Қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде 79 жылда бірінші рет ашық есік күні онлайн өтті

12 Сәуір 2020, 16:04
2097
Бөлісу:
Қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде 79 жылда бірінші рет ашық есік күні онлайн өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО бойынша ОВ-156/14 мекемесінің 79 жыл жылдық тарихында мекеме қабырғаларында не болмады. Әр тоқсан сайын сотталғандардың туыстарына арналған ашық есік күндері өткізілетін. Еліміздегі індетке байланысты осы тоқсандағы ашық есік күні қашықтан қосылу арқылы онлайн түрде өтті.

Бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталғандардың әлеуметтік пайдалы байланыстары және туыстарымен байланыстарын күшейту, олармен тәрбие жұмысын жүргізуге туыстарының қатысуы-бұл аталған іс-шараның негізгі мақсаты болып табылады, - деді осы салада 22 жыл қызмет атқарған мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі А.А.Калелов

Короновирустық инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында мекемеде ұзақ және қысқамерзімді кездесулер, сондай-ақ ашық есік күнін өткізу тоқтатылған. Мекеме бастығының бастауымен бүгін қашықтан қосылу арқылы Онлайн ашық есік күні өткізілді. Сотталғандар атаулы күнге апта бойы туыстарына жүйеге қосылу тәртібін түсіндіріп, дайындық жасады.

Барлық компьютер жүйеге қосылған соң бөлмеде көптен күтілген кездесудің жылуға тола тілектестік сәулесі шашылғандай жайма шуақ жай орнады. Қуаныштың көз тамшыларына сотталғандар да, туыстары да ерік берді. Барлығы да алған әсерлерін жасырмады. Қалай болғанда да сотталғандар өздерінің туыстарын елімізде болып жатқан індетке қарсы күрес уақытында сақ болып үйде қалуларын өтініп жатты.

Мекеме әкімшілігі бізге өз туыстарымызбен шектеусіз уақытқа көрісіп, бүкіл жанұямызбен сөйлестіріп, үлкен бақыт сыйлап отыр. Барлық туыс пен ата-ана атынан үлкен алғысымды білдіре отырып, жеңіл емес жұмыстарына сәттілік тілеймін, - деді 10 жылға сотталған Мағжанның анасы.

Өзгелердің жаңалығы