Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен барды

Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.

 Ақорда 15 Шілде 2026, 18:34
15 Шілде 2026, 18:34
212
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.

Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді.

17 шілде күні Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.

Наверх