Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан 2022, 12:21
1162
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
PHOTO

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Ақорда» резиденциясының алдында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

Рәсімде Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді. Кейін Президенттің бұйрығымен еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Биыл ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Республика күнін ел көлемінде атап өту осындай салтанатты шарамен басталды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өңірлерде де жалғасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Өзгелердің жаңалығы